Қазіргі таңдағы Ростсельмаш
Rostselmash
Компания өнiмдерi Қызмет көрсету Ростcельмаш әлемi
 
Қазіргі таңдағы Ростсельмаш
 

Қазіргі таңдағы Ростсельмаш

Бүгін Ростсельмаш компаниясы әлемнің 17 елінде жұмыс істейтін әлемдік аты бар компания, ол 7 млрд. рубльдан артық айналымы бар ТМД ауылшаруашылығы жабдықтарының ең ірі шығарушысы болып табылады.

Негізі қаланған кезден бастап (21 шілде 1929 ж.) Ростсельмаш әлемнің 48 еліндегі өз клиенттеріне 2,5 миллионнан астам техника жеткізді. Әлемдегі ауылшаруашылығы машинасын жасайтын кәсіпорындардың бір де біреуі жақын арадағы он жылдықта осы көрсеткішке тіпті жақындай да алмайды.

Қалыптасуының 5 жылы ішінде (1999-2004) өзінің жаңа заманғы даму тарихынды компания өндірісті қалпына келтіріліп қана қоймай, оның модернизациясына да тиісті көңіл бөле білді. Ростсельмаш — ерекше, ресей машина жасау саласында кездеспейтін неміс фирмасының лазерлік ию кешендерінің жүйесі жұмыс істейтін бір ғана кәсіпорын. Ол өндірістегі ықтимал ақауларды болдырмайтын 5 лазерлік құрылғыдан, 3 ию кешенінен құрылған.

Бүгінгі күні «Ростсельмаш» — автоматтандырылған жобалау мен өндірісті дайындау жүйесін қолданатын ауылшаруашылығы техникасының ресейлік дара шығарушысы. Осы жүйені қолдану жаңа астық жинайтын «Вектор» комбайнын қысқа мерзімде жасап шығаруға мүмкіндік берді.

«Ростсельмаш» компаниясының жетістігі осынша қысқа мерзім ішінде техниканы, қосалқы бөлшектерді сату жөніндегі және әлемнің 17 еліндегі 220-дей әріптесіне сервистік қызмет көрсету жөніндегі желіні құру болып табылғандығы даусыз.

Бүгін «Ростсельмаш» компаниясы Ресей, Украина, Қазақстан астық жинау техникасы рыногының 53% бақылайды (ақша мәнінде).

«Эксперт» журналының мәліметтері бойынша 2003 жылы «Ростсельмаш» компаниясы ресей машина жасау кәсіпорындарының арасында ең жақсы деп танылған.

Ростсельмаш компаниясы өзінің даму стратегиясымен жүріп отырып, 2006 жылы-ақ өз сатып алушыларына астық жинау техникасын ұсынумен шектелмейді. Шығарылатын өнімнің тізімі топырақ өңдеу, егу және дәнді өңдеу техникасымен толықтырылуда.

  Дилерлік жүйе | Жаңалықтар | Контакты Language | Іздестіру